Фото: 2gis.kz
Атыс сенбі күні Алматыдағы Жандосов пен Гагарин көшелерінің қиылысындағы "Мята" лаундж барында болған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Мәліметтерге сенсек, оқиға орнына полиция, жедел жәрдем, сот-медициналық сарапшылар келді.
Өткен-кеткендердің айтуынша, төбелес болып, атыс болған. Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі Бостандық аудандық полиция бөлімі аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.
"Алдын ала мәлімет бойынша күдіктілерді ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады баспасөз қызметі.
Оқиғаның басқа мәліметтері әзірге айтылған жоқ.