20 шіл, 2018 сағат 18:38

Күдікті Арман Құдайбергенов Денис Тенге екі жерінен пышақ салған - ІІД

Олимпиада жүлдегері Денис Теннің өліміне қатысы бар болуы мүмкін екінші күдікті Арман Құдайбергенов ұсталды. Бұл туралы қалалық ІІД арнайы брифинг барысында қалалық ІІД басшысы Серік Күдебаев айтты, деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«2018 жылы 20-шілдеде Денис Теннің өліміне қатысы болуы мүмкін деген күдікпен 1994 жылы туған Қызылорда облысы Қармақшы ауданы,  Ақай ауылының тумасы Құдайбергенов Арман Бөрібаевич ұсталды. Қазір ол өзінің қылмыс жасағанын және Денис Тенге екі жерінен пысақ салғанын мойындады. Күдікті Ақсай 2 шағын ауданынан көшеден ұсталды. Бұлар өздеріне ақша керек болған соң, осы қадамға барған», - деді Серік Күдебаев.

Полицияның айтуынша,  екеуі де бұрын істі болған.

"Екеуіде істеген ісін мойнына алды. Олар Денис Тенді өлтіріп алғанын кейін әлеуметтік желіден бірақ білген", - деді ол. 

Айта кетсек, Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні пышақ жарақатынан қаза болған еді. Оқиға Құрманғазы Байсейітова көшелерінің қиылысында 19 шілдеде түскі сағат 15:00 шамасында болған. Спортшы көлігінің айнасын ұрламақ болған екі адамның үстінен түскен. Арада басталған жанжалдың салдарынан ұрылар Денис Тенге пышақ сұғып алған. Ол оң жақ санының жоғарғы тұсына жарақат алды. 25 жастағы Тен үш литр қан жоғалтып, ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді. Бірақ Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Серікбол Мусинов қосымша қан қажет еместігін және ресурстар жеткілікті екендігін мәлім еткен болатын. 

2,5 сағатқа жалғасқан реанимациялық шараларға қарамастан, аурухана дәрігерлері оның өміріне араша түсе алмады. Сағат 17.30-да Олимпиада жүлдегері қайтыс болды. 

Адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Бүгін белгілі болғандай, спортшының өліміне қатысы бар екі күдіктінің бірі ұсталып, ол қылмысын мойындады. Екінші күдікті - 1994 жылы туған Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақай ауылының тумасы Арман Құдайбергеновке іздеу жарияланды.

Сондай-ақ,  Денис Теннің өліміне күдікті Нұралы Қиясов күзетпен Алмалы аудандық сотына жеткізілген.

Алдын ала таратылған ақпарат бойынша Денис Теннің өлімі бойынша күдікті екінші адам Арман Құдайбергенов ұсталды.