23 там, 2019 сағат 08:02

Қуатты партия – жігерлі лидерлер: уақыт талабы

«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы «ортақ табыс үшін дамуға, қоғамды жұмылдыруға бағыт алған, адамдардың сұраныстарына жауап бере алатын жігерлі лидерлер мен қуатты партия қажет» деп атап көрсетті.

Тарихтан белгілі, саяси партиялар – қоғам мен билік арасын жалғайтын алтын көпір іспеттес. Олар халықтың мүддесін жүйелі түрде білдіріп, оларды қанағаттандыруға мүмкіндік жасайды. Неғұрлым партия және оны басқаратын лидер мықты болса, солғұрлым ол халыққа тиімді қызмет етеді. 

Тарихтың сындарлы сәттерінде, әдетте, өз заманының рухы мен әрекетін іске асырған лидерлер мен олардың мұраттастарының командалары пайда болған. Өз халқының игілігі жолында нақты өзгерістер жасауы оларды Ұлы реформаталарға айналдырды.

Тарихта Мұстафа Ататүрік, Франклин Рузвельт, Людвиг Эрхард, Дэн Сяопин, Ли Куан Ю, Маргарет Тэтчер секілді жекелеген ұлы тұлғалар мен және олардың мықты партиялары-мұраттас жандар командасының есімдері сақталған. Олар бірлесе отырып жасампаз жаңғыруларды жүзеге асырған. Бұл ретте тың шараларды да қолданған.

Елбасының «Nur Otan» партиясының негізін қалаушы әрі көшбасшысы ретіндегі рөлі даусыз. Өз кезінде Маргарет Тэтчер былай деген екен: «Қазіргі кезде әлемде бес-алты ірі әрі өте ықпалды саясаткер бар, олардың ішінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұр. Мен оған өте сенемін және Қазақстанда оның жасағандарының бәрімен келісемін».

Қазіргі уақытта «Nur Otan» партиясына сенім деңгейі Нұрсұлтан Әбішұлының жеке беделі арқылы қалыптасқан. Әйтсе де Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында Елбасы партияға өңірлерден адамдардың мұң-мұқтажын жақсы білетін, азаматтардың өтініштеріне құлақ асып, оны ести алатын мықты лидерлерді көтермелеу қажеттігі туралы мәселе қойды. Жергілікті жерлерде барынша лайықты, халық соңынан ілесетін, сөзіне сенетін және дауыс беретін белсенді әрі ілгерішіл партияластарды өсіруге жағдай жасап, жаңа парадигма қалыптастыру керек.

Қазақстанның партиялық жүйесін сапалы түрде жақсартатын тетік пропорционалдық жүйе бойынша сайлау болмақ. Олар толықтай әлемдік тәжірибеге сәйкес келеді. Партия құрылысының көрнекті теоретиктерінің бірі Дюверже де порпорционалды сайлау жүйесінің артықшылығын, оның әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін ескеруге қабілеттілігін атап көрсеткен еді.

Қазақстанда бұл жүйе Мәжіліс сайлауларында табысты сынақтан өтті. Әртүрлі әлеуметтік қабаттардың мүдделерін қорғайтын парламенттік партиялардың орнықты және теңгермелі жүйесін қалыптастыруға қол жетті. 2017 жылғы Конституциялық реформалар барысында Парламенттің өкілеттігі едәуір күшейтілді. Парламенттік партиялар атқарушы билікке нақты ықпал ету тетігіне ие болды.

Енді халықаралық тәжірибені зерттеп, жұртшылықпен кеңескеннен кейін партиялық тізім бойынша депутаттар сайлау моделі мәслихаттар деңгейіне де ауысады.

Саяси партияларға және олардың мүмкіндіктеріне қойылатын талаптар едәуір өсті. 

Бұл ретте партияны төменнен, қоғамдық бастамалар, халықтың қажеттіліктерін тікелей білетін, сайлаушылармен жұмыс істейтін партия лидерлерін жасақтау арқылы қалыптастырған жағдайда партия табысты дамып, партиялық-саяси кеңістікте бәсекенің күшейетінін түсіну маңызды. Бұл орайда «Nur Otan» партиясы өзінің алдағы даму бағыты туралы айқын түсінікке ие.

Көптеген елдерде депутаттыққа кандидаттарды іріктеп, өткізуге, лидерлерді анықтауда партиялық праймериз жүйесін қолданады. Барлық үміткерге бәсекелі негізде халықтың ең өзекті мәселесіне ұсынатын шешімдерін насихаттауларына мүмкіндік беріледі.

Нәтижесінде іріктеу болады: бір жағынан, партияның сайлауалды бағдарламасына барынша өзекті мәселелерді, ал екінші жағынан – партиядан болашағы зор үміткерлерді іріктеуге жол ашады.

Қазақстанда партиялық кеңістікті әрі қарай дамытуға, оның ішінде ел Конституциясында негіз қаланған. Қолданыстағы заңнаманың қолда бар әлеуетін барынша іске қосу қажет.

Саяси партиялар оны өз тәжірибесінде пайдаланғандары жөн.

 В.В.Тельнов

«Nur Otan» партиясының Қоғамдық саясат институты