Азаматтық әйелін ұрып өлтірді деген айыппен сотталған Қуандық Бішімбаевты колонияға жіберді, деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметі бойынша, Қуандық Бишімбаев сот үкіміне сәйкес барынша қатаң режимдегі мекемеге жіберілгенін хабарлады.
"Сонымен қатар, Қылмыстық-атқару кодексінің 88-бабына сәйкес, сотталғандар жазасын өтеу орнына бекітілген мекемеге жіберіледі", - делінген хабарламада.
“За нами уже выехали” Телеграм-арнасы оның Астанаға жақын маңдағы, Ақмола облысындағы Аршалы колониясына жіберілгенін хабарлады.