16 мам, 2024 сағат 14:02

Қуандық Бишімбаев бостандыққа ерте шыға ала ма? Вице-министр жауап берді


Фото: ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов


Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "әйелін аса қатыгездекпен өлтіргені үшін 24 жылға сотталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев түрмеден мерзімінен бұрын шыға ала ма?" деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат"  Massaget.kz -ке сілтеме жасап.


"Мерзімінен бұрын бостандыққа шығу мәселесі заң бойынша регламенттелген. Ол жасалған қылмыстың ауырлығына байланысты. Жалпы бұл мәселені сот шешеді. Қылмыс жасағаны үшін сотталған адам өтінішті (ходатайство) түзеу мекемесінде бере алады", - деді Ботагөз Жақселекова Сенат кулуарында.


Министрдің орынбасары Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша соттың үкімі заңды күшіне енбегенін атап өтті.


"(Мерзімінен бұрын түрмеден шығу) мүмкіндігі жазасын өтеп жатқан адам оң сипатқа ие болғанда беріледі. Аса ауыр қылмыс бойынша тоқталайын. Мұнда ең аз мерзім жазаның үштен екісін кешіруге болады. Иә, мұнда жәбірленуші тараптың келісімі керек. Біріншіден, (мерзімінен бұрын түрмеден шығару) шешімін сот шығарады. Екіншіден, сот үкімінің заңды күшінен енгенін күтуіміз керек", - деді вице-министр.


Айта кетейік, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтірді деген айып тағылды. Сот оны кінәлі деп танып, 24 жылға бас бостандығына айырды.