Жергілікті тұрғындар Ресей мен Украина шекарасындағы бірқатар қалада жарылыс болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Mash Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Ресейдің Белгород қаласының тұрғындары жарылыс болып, жаңғырығы бүкіл қалаға естілгенін айтты. Болжам бойынша, жаппай өрт жүйесінің іске қосылуынан шыққан дыбыс. Сондай-ақ, желіде куәгерлер түсірген кадрлар пайда болды.
Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде Донецк облысындағы Мариуполь қаласында жарылыс болғаны хабарланды.
Украинаның Сумы облысы, Краснополье ауылының тұрғындары да осындай жағдайға куә болған.
Бұл ретте Ресей қорғаныс министрлігі РИА Новостиге жоғары дәлдіктегі қару-жарақ Украина әскерінің әскери инфрақұрылымын, әуе шабуылына қарсы қорғаныс нысандарын, әскери аэродромдарын және авиациясын істен шығарып жатқанын хабарлаған.