25 нау, 2022 сағат 11:34

ҚТЖ қаражатын жымқырған ЖШС директоры сотталды


Құрылыс компаниясының басшысы теміржол жолдарының қоршауын салуға арналған 57 миллион теңгені жымқырғаны үшін 6 жылға шартты түрде сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаржы мониторингі агенттігі "ЖилОтделСтрой" ЖШС басшысының алаяқтық дерегі бойынша тергеу аяқталғанын хабарлады.

"2015 жылдан 2019 жылға дейін Қарағанды магистральдық желі бөлімшесінің станцияларында жолдарды қоршау бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезінде Құдайқұлов А.Б "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның жалпы сомасы 57 миллион теңгеден астам ақша қаражатын "Қарағанды магистральдық желі станцияларындағы Жолдарды қоршау бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезінде" жұмыс көлемін арттыру арқылы жымқырғаны анықталды", - делінген хабарламада. 

Тергеу әрекеттері барысында бюджетке келтірілген залал толығымен өтелді. Сот үкімімен Құдайқұлов 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.