ҚТЖ жалғыз акционерінің 27 мамырдағы шешімімен директорлар кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді, - деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК АҚ баспасөз қызметі.
"ҚТЖ" ҰК" АҚ Директорлар кеңесі төрағасының, тәуелсіз директоры Кальман Шомодидің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. "ҚТЖ" ҰК" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор Юрий Лавриненко болып сайланды", - делінген хабарламада.
ҚТЖ Директорлар кеңесі 9 адамнан тұрады:
- Юрий Лавриненко - директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор;
- Нұрлан Сауранбаев - директорлар кеңесінің мүшесі, басқарма Төрағасы;
- Нұржан Байдәулетов - директорлар кеңесінің мүшесі, жалғыз акционер мүдделерінің өкілі;
- Ернат Бердіғұлов - директорлар кеңесінің мүшесі, жалғыз акционер мүдделерінің өкілі;
- Назира Нұрбаева - директорлар кеңесінің мүшесі, жалғыз акционер мүдделерінің өкілі;
- Гибрат Ауганов - директорлар кеңесінің мүшесі, жалғыз акционер мүдделерінің өкілі;
- Ульф Вокурка - директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
- Нұрлан Ақанзарипов Нұрлан - директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
- Джон (Йан) Маккей - директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.