Әнші Ксения Ашығалиева Instagram желісінде қай жерде соққыға жығылғанын көрсетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Әйелдің айтуынша, сол жерде күйеуі мен досы оны соққыға жыққан.
«Желтоқсан, 129 мекенжайындағы 3-ші кіреберістің жертөлесі», - деді ол.
Мұның алдында Ксения Ашығалиева күйеуі Бауыржан Ашығалиевтен қорлық көргенін айтып, әлеуметтік желідегі #НеМолчиKZ қозғалысына шағымданған еді.
Кеше полиция Бауыржан Ашығалиевті уақытша оқшаулау орнына қамады.