10 мау, 2021 сағат 19:33

ҚР Президенті: Пандемия ел экспортының бағдарын өзгертті


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сауда мен ауыл шаруашылығына жауапты министрліктерге отандық өнімдердің сапасын халықаралық деңгейде мойындатуға күш салуды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Былтыр Қазақстан 100-ге жуық отандық экспорттаушыны Аli baba халықаралық интернет палтформасына шығарды. 4000-нан астам қазақстандық тауар аталымы халықаралық нарыққа жол алды. Жабық шекаралар жағдайында біз экспорттық бағыттарымыз жабық қалған дәстүрлі салалардан жаңа сатып алу нарықтарына бағдарлай алдық. Мысалы, біз мұздатылған етті Қытай нарығынан Орталық Азия мен Таяу Шығыс елдерінің нарығына бағыттай алдық», - деді Президент. 

Сондай-ақ, Президент қазір тамақ өнімдерін жеткізудің аясын кеңейте түсу маңызды екенін атады.

«Жалпы алғанда, мал шаруашылығының сапалы әрі экологиялық таза өнімін экспорттау біз үшін басым бағытқа айналуы керек. Отандық өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігі халықаралық деңгейде мойындауы маңызды. Бұл мәселе Сауда және интеграция министрлігінің, Ауыл шаруашылығы министрлігінің экспорттаушыларды қолдаудағы басты бағыттарының біріне айналуы қажет», - деді Мемлекет басшысы.