04 сәу, 2019 сағат 16:09

ҚР Президенті Қазақстандағы АЭА жұмысына қатысты заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының аумағында арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуының құқықтық негіздерін айқындайтын жаңадан қабылданған заңға қол қойды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы қолданыстағы заңнаманы жаңадан қабылданған «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкестендіруге, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек көрсету тетіктерін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, инвестициялар тарту, экспортты дамыту және ілгерілету, сондай-ақ әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.