ҚР Ішкі істер министрлігі қазақстандық жүргізушілерге ескерту жасап, хабарландыру жолдады. Бұл туралы ведомствоның фейсбуктегі ресми парақшасында жарияланды.
«Алдымыздағы бірнеше күні, еліміздің кейбір өңірлерінде синоптиктер жолда қардың қалың түсуі мен көктайғақтардың болуын болжап отыр. Осыған байланысты, көлік құралының жүргізушілеріне жолда өте сақ болуы керек екенін, әсіресе балалардың оқу ошақтарының жанында, қоғамдық көлік аялдамаларында жылдамдық режимін, ара-қашықтықты және Жол жүрісі қағидаларының басқа талаптарын сақтау керек екенін еске саламыз», - делінген хабарламада.