07 ақп, 2017 сағат 11:38

ҚР БҒМ оқушыларға берілетін үй тапсырмаларының көлемін қысқартуды жоспарлап отыр

Орта мектептерде үй тапсырмаларының көлемін қысқарту жоспарланып отыр. Бұл туралы үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" kaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

"Біз электрондық күнделік, электрондық оқулық және ең бастысы мектептердің дәліздеріне шкафтар орнатқымыз келеді. Сондай-ақ, үй тапсырмаларына қатысты шектеулер болады. Осы мәселе бойынша бүгін немесе ертең мектеп директорларынан құралған екі топтың хабарландыруы жарияланады. Бізде үй тапсырмасын 40 минут - 1 сағатқа дейін қысқарту туралы ұсыныс бар. Мүмкін, кейбір сабақтардан үй тапсырмасы берілмейді", - деді Сағадиев.

Еске сала кетейік, осыған дейін министрліктің қазақстандық мектептердегі әр сыныпта Wi-Fi орнату бойынша жобаны бастағаны хабарланған болатын.