ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов елде дизельдің қанша қоры барын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Елде жанармай қоры жеткілікті болғанына қарамастан, кейбір өңірлерде дизель жетпей жатыр. Әсіресе жанармай стансаларында байқалып отыр. Қысқаша айтсақ, 24 тамыздағы жағдай бойынша, дизельдің жиынтық қоры – 212,4 мың тонна. Бұл мұнай базалары мен өңірлерге жөнелтіліп жатқан дизельдің көлемі деп түсінуге болады. Мұнша қор 13 күнге жететінін айтқан едік.
Алайда, мынаны түсіндіріп айтқымыз келеді. Жанармай қорын күнмен есептеп айтқанда, шұғыл жағдайда тиеп, жөнелтуге болатын көлемді айтамыз. Жалпы мұнай өңдеуші зауыттар штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Дизельде, мұнай да күнделікті өндіріліп жатыр. Шілдеде 380 мың тоннадай дизель өндірілсе, тамызда 491 мың тонна өндіру жоспарланған. Сонда тамыздың аяғына қарай 288 мың тонна дизель қоры болады», - деді ведомство басшысы.
Оның айтуына қарағанда, тамыз айында дизель тұтыну көлемі 514 мың тоннаға дейін жетуі мүмкін. Ал өндіріс көлемі 797 мың тоннаға жетуі керек.