Фото: Бахытбек Нұрғабылұлының жеке парақшасынан
Мас күйінде көлік жүргізген Қостанайдың бас имамы Бақытбек Тәжімбет 15 тәулікке қамауға алынды жән 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды, -деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".
Ол Бурабайдағы түнгі клубтардың бірінің маңында масаң күйде Toyota Highlander автокөлігін айдап бара жатқан жерінен ұсталғаны белгілі болды. Оқиға 23 шілдеде болған.
"Тәжімбет Бақытбек Нұрғабылұлы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 15 тәулікке қамауға алу және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру жазасы тағайындалды", -делінген сот қаулысында.
Сот отырысында имам өз кінәсін мойындаған жоқ, тек қымыз ішкенін алға тартқан. Алайда медициналық куәландыру мешіт қызметкерінің алкоголь ішкенін растады.
"Сот, Б.Н. Тәжімбетке әкімшілік жаза қолдану кезінде оның жауаптылығын жеңілдететін мән-жайлардың жоқ екендігін, ал жауаптығын ауырлататын мән-жай ретінде, оның алкогольдік масаң күйде болуы деп, оның жеке басының, құқық бұзушылықтың айналасындағыларға қоғамдық қауіптілігін, азаматтардың денсаулығымен жол жүрісі қауіпсіздігіне қауіп тудыратындығын, сонымен қатар аталған құқық бұзушылық үшін балама жазаның жоқтығын ескере отырып, оған әкімшілік жаза ретінде қамаққа алу және көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасын тағайындау қажет деп есептейді", – деп жазылған сот қаулысында.
Ал Ал Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ресми сайтынан бұл ақпарат өшіріліп тастады.