Фото: ТЖД
Қостанайда университет ғимаратынан өрт шығып, студенттер эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Желіде эвакуация сәті түсірілген видео пайда болды. Тәуелсіздік көшесінде орналасқан Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚӨУ ғимаратындағы кеңселердің бірінде кеңсе техникасы өртенгені белгілі болды.
"7-қабатта оқу бөлмесінде кеңсе техникасы өртеніп, 2 шаршы метр аумақты шарпыды. Өртсөндірушілер оқиға орнына 3 минуттан соң жетіп, өртті сөндіруге кірісті. Ғимараттан адамдар эвакуацияланды. Барлығы өртті сөндіруге жеке құрамның 19 адамы мен 6 техникасы жұмылдырылды", - деді Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Сағат 11:15-те өрт сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Университет мәліметінше, түтін шыққан кезде бөлмеде студенттер болмаған. Дабыл автоматты түрде қосылған, сондықтан ғимараттағы барлық студент пен мұғалімдер эвакуацияланған.