09 қар, 2022 сағат 19:24

Қостанайда жоғалған қыз даладан өлі табылды

instagram.com/dpso_bars

Қостанай облысында жоғалып кеткен тұрғын даладан өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.

3 қарашада жоғалып кеткен 26 жастағы Галина Галкина даладан өлі табылған. Бұл туралы еріктілер әлеуметтік желідегі парақшасында жазған. Полиция да бұл ақпаратты растаған.

"Бүгін сағат 15.00-де полицейлер далада іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде жоғалған қыздың мәйітін тапты. Полиция іздестіру жұмысы 3 қарашада анасы полицияға жүгінген кезде басталғанын атап өтті", - деді Қостанай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Қыз жоғалған күні соталды тергеу бастау туралы іс жүргізу шешімі қабылданған. Қазір өлім себебін анықтайтын сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Айта кетейік, ол 3 қарашада кешке жоғалып кеткен. Галина Галкина сағат 17.00-де Қарабалық ауданы Боскөл ауылындағы Қазпошта ғимаратынан шығып, жоғалып кеткен.