05 шіл, 2022 сағат 10:42

Қостанайда жаңбырдан кейін көшелерді су басты

Фото: Instagram/@ng.kz_

Қостанай тұрғындары жаңбырдан кейін су басқан көшелерге шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кеше, 4 шілдеде қалада толассыз жаңбыр жауды. Салдарынан Қостанай көшелерін су басты. Гагарин көпірінің астындағы жолды су алды. Желіде көліктер мен автобустар су басқан көшелермен жүріп жатқаны түсірілген видеолар пайда болды.

"Құбырлар бітеліп қалды. Коммуналдық қызмет шығып, құдықтар ашылды, судың бәрі кетті. Азаматтарға қауіп төніп тұрған жоқ, 101, 112 қызметтері шақырылған жоқ. Гагарин көпірі астына үнемі су жиналады. Бұл - жаңалық емес", - деді Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

ТЖД мәліметінше, қазіргі уақытта мәселе шешіліп қойған.