Қостанайда жүргізуші қатты жылдамдықпен пиццерияға кіріп кетті, зардап шеккендер бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Оқыс оқиға кешкі уақытта болған. Lexus көлігінің жүргізушісі Абай даңғылымен келе жатып, қатты жылдамдықпен пиццерияға кіріп кеткен. Қоғамдық тамақтандыру нысаны аялдамаға жақын орналасқан.
"Lexus көлігін тізгіндеген 32 жастағы жүргізуші қатты жылдамдықпен келе жатып жол апатын жасады. Қазіргі уақытта полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, сараптамалар тағайындалды, қалған мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды", - деп хабарлады Қостанай облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.