Сурет: ng.kz
Қостанайда мас ер адам жалаңаш көше кезіп жүрген. Полиция оның кім екенін анықтап, әкімшілік жауапқа тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ng.kz сайтына сілтеме жасап.
Таңертең Чкалов көшесінде жалаңаш жүрген ер адамның видеосын "НГ" редакциясына оқырмандары жіберген. Ер адам жолдың ортасына шығып алып, қозғалып бара жатқан көліктерге шабуыл жасаған.
Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, "102" пультіне куәгерлерден қоңырау 13 маусымда сағат 04.32-де түскен.
"Оқиға орнына автопатруль жіберілді, ол Қостанайдың 1998 жылғы тұрғынын ұстады. Ер адамды ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Хаттама толтырылғаннан кейін ол үйге жеткізілді", - деді баспасөз қызметіндегілер.
Полиция жалаңаш ер адамды жаралау дерегі бойынша тексеру жүргізілетінін хабарлады.
905 рет оқылды