З.Алдамжар атындағы Қостанай университетінде ер адам оқытушыны өлтіріп, өзі сегізінші қабаттан секіріп кеткен, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Университеттегі Қ. есімді оқытушының айтуынша, қайғылы оқиға бүгін болған. Ер адам университетке келіп, оқытушыны бауыздап тастаған. Артынша өзі ғимараттың сегізінші қабатынан секіріп, көз жұмды. Жәбірленуші оның әйелі болуы мүмкін.
Облыстық ІІД баспасөз қызметі аталған оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.