Қостанайда балабақшада баланы құлатып алған тәрбиеші жұмыстан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қостанайдағы №61 балабақшада орындыққа отырған баланы құлатып алған тәрбиеші енді мектепке дейінгі мекемеде жұмыс істей алмайды. Бұл туралы Білім басқармасы хабарлады.
"№61 балабақшадағы оқиғаға байланысты білім басқармасы балабақша меңгерушісіне тәртіптік шара қолданылғанын, қазіргі уақытта тәрбиеші жұмыстан босатылғанын хабарлайды", - деді басқарма өкілдері.