Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстарын су басу қаупi жоғары. Бұл туралы ҚР Iшкi iстер министрi Қалмұханбет Қасымов Үкiмет отырысында айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.
Бүгiн Үкiмет отырысында ҚР Премьер-министрi Бақытжан Сағынтаев елiмiздiң бiрқатар өңiрiн су басқанын айтып, iшкi iстер министрiнен қазiргi жағдай туралы сұрады.
«Соңғы күндерi қардың еруiне және жауын-шашынды ауа райына байланысты Қарағанды облысында жағдай ушықты. Кеше облыс әкiмiмен бiрге аймақты биiктен бақыладық. Барлығы 7 елдi мекенде 33 үйдi су басты, 397 адам қауiпсiз жерге көшiрiлдi. Қазiр барлық үй судан тазартылып, 300 астам адам баспаналарына оралды», - дедi Қасымов.
Министрдiң айтуынша, бүкiл республика бойынша барлығы 10 елдi мекенде 40 үйдi су басқан. Бұндай жағдай Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында қалыптасты. Сондай-ақ, елде 46 жол учаскесiн су басты, оның 43-i автомобиль жолы болса, үшеуi – темiржол учаскелерi. Қазiргi таңда темiржолдар жөнделiп, пойыздардың қозғалысы қалпына келтiрiлдi. Автомобиль жолдарында да жөндеу жұмыстары жүргiзiлiп, 10 жолда апаттық жұмыстар жасалуда.
«Десек те, қазiргi таңда Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстарындағы жағдай алаңдатып отыр. Қазгидрометтiң мәлiметiнше, бұл аймақтарды су басу қаупi жоғары. Осыған орай, барлық күштердi осы өңiрлерге жұмылдырып отырмыз», - дедi Қ.Қасымов.