03 қыр, 2022 сағат 23:30

Қостанай облысындағы өртке байланысты жедел желі іске қосылды


Қостанай облысындағы табиғи өртке байланысты көмекке мұқтаж халық ТЖД ашылған жедел желі телефонына хабарласа алады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".                 

Жергілікті атқарушы органдар эвакуацияланған адамдарды Әулиекөл орта мектебі мен Әулиекөл мектеп-интернатына орналастырды.

ТЖ министрлігі мен ТЖ департаментінде 8 717 2 53 32 84, 8 714 2 50 36 24 нөмірімен жедел желі ашылып, психологтар жұмысы ұйымдастырылды. Сонымен қатар көмекке мұқтаж азаматтарға 112 немесе 101 телефондарына хабарласуына болады.


Қостанай облысының әкімдігі жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайды жариялау мәселесін пысықтап жатыр.

"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 58-бабына сәйкес азаматтар табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан меншіктің бүлінуіне немесе жойылуына байланысты нұқсанды өтеуді талап етуге құқылы.