30 нау, 2022 сағат 17:35

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апаты болды


Қостанайлық полицейлер Тобыл қаласында болған жантүршігерлік жол апатының жай-жапсарын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде тараған жантүршігерлік кадрлар кеше кешкісін Қостанай облысындағы Тобыл қаласында болған. Мәлімет бойынша көшеде үш көлік соқтығысып, жаяу кетіп бара жатқан адамды соққан.

"Hyundai Accent көлігін тізгіндеген 20 жастағы азамат 56 жастағы жүргізуші мінген Renault Logan автокөлігімен соғылған. Ал екі көліктің біріне соғылған Skoda Yeti қатты екпінмен тротуардағы жаяу адамды қаққан. Қатты соққыдан 25 жастағы жігіт қаза тапты", - деді ПД баспасөз қызметіндегілер.

Жүргізушілер мен жолаушылар түрлі жарақатпен облыстық ауруханаға жеткізілген. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды.