23 жел, 2019 сағат 14:09

Қостанай облысында туған әкесін атып өлтірген қызға сот үкімі шықты

Қостанай облысында туған әкесін атып өлтірген қызға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 2019 жылғы 12 мамырда Қамысты ауданының Алтынсарин ауылында болған.

«Жергілікті тұрғын П. тіркелмеген тегіс ұңғылы аңшылық қарумен әкесі Т.-ны атып тастаған. Әкесі дене жарақаты салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен П-ның қылмысты есі дұрыс емес күйде жасағаны дәлелденді. ҚР ҚК 16-бабына сәйкес ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылды» , - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Туған әкесін атып тастаған қыз психиатриялық стационарда мәжбүрлі емдеу шараларынан өтеді.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.