25 там, 2023 сағат 12:56

Шағын автобус бульдозермен соқтығысты: 4 адам қаза тапты

Сурет: t.me/POLICE_of_KZ

Қостанай облысындағы тас жолда жол апатынан 4 адам ажал құшты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

24 тамызда Қарабұтақ - Қостанай тас жолының 495-шақырымында Toyota шағын автобусының жүргізушісі бульдозермен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Үш жолаушы Рудный қаласының ауруханасына жатқызылды. Автокөлік Жітіқарадан Қостанайға бара жатқан.

"Жүргізуші жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, бірқатар жол белгілерін елемей, жол қозғалысы үшін жабық технологиялық учаскеге барғаны анықталды.

ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігі бойынша "Екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр" - делінген хабарламада.