14 қаз, 2022 сағат 11:58

Қостанай облысында полициядан үш жыл жасырынған нигериялық ұсталды


Қостанай облысында полициядан үш жыл жасырынған нигериялық ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, Нигерия азаматы үш жылдан аса уақыт бойы полициядан жасырынып келген. Осы уақыт ішінде шетел азаматы елден шығару туралы сот шешімін орындамай, Қазақстанның әртүрлі қалаларында жасырынып жүрген.

"Қостанай қаласының әкімшілік құқықбұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған соты оған қатысты жүріп-тұру бостандығын шектеудің алдын алу шараларын бекітті. Ер адам одан әрі мәжбүрлеп шығару үшін арнайы уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Облыстық көші-қон қызметі департаментінің басшысы Қайрат Дүтпаевтың айтуынша, ер адамға билеттер облыстық бюджеттен бөлінген қаражатқа Алматыдан Дохаға әуекөлігімен сатып алынған.

"Полиция қызметкерлері шетелдік құқық бұзушыны Алматы әуежайына дейін шығарып салды", - дейді облыстық ДПД Көші-қон қызметі басқармасының басшысы Қайрат Дүтпаев.

Заң бұзушыға елге кіруге бес жылға заңмен тыйым салынғаны атап өтілді.