Қостанай облысының прокуратурасы "Басаман орман шаруашылығы мекемесі" КММ-нің басшылығына қатысты соталды тергеуді бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, Қостанай облысының прокуратурасы 13 қыркүйекте "Басаман орман шаруашылығы мекемесі" КММ-нің басшылығына қатысты ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактілері бойынша соталды тергеп-тексеру басталған (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы).
Сол күні мекеме басшысы Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабы тәртібінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
15 қыркүйекте сот мекеме басшысына қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкциясын бекітті.
Тергеу әлі де жүріп жатыр. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.