30 шіл, 2020 сағат 13:30

Қостанай облысында «Қыран» арнайы бөлімшесінің көмегімен қылмыстық топ құрықталды

ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Қостанайда бір тұлғаның заңға қайшы әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталмыш әрекет «Stop-ОБНАЛ» жедел-алдын алу шарасы аясында және «Қыран» арнайы бөлімшесінің көмегімен жүргізілді. 

Қылмыстық топ 2017 жылдан қазіргі уақытқа дейін заңды тұлғалардың атынан Қостанай облысының кәсіпкерлік субъектілерінің атына іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей жалған шот-фактураларды жазып отырған. 

Жүргізілген тінту барысында жалған фирмалардың 6 мөрі, 3 ЭЦҚ, кассалық аппараттар, құрылтай құжаттары, бухгалтерлік құжаттама, компьютерлер және іске қатысты басқа заттар анықталды. 

«Мемлекетке келтірілген залалдың болжамдалған сомасы 170 млн. теңгеден асады. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 216-б сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде»,-делінген хабарламада.