Қостанай облысында ауыл шаруашылығы субсидиялары түріндегі бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс аяқталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.
"Кінәлілерге алты жылға коммерциялық және мемлекеттік ұйымдарда материалдық-жауапты және басшы лауазымдарды атқару құқығынан айырып, 5 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалған.
Кінәлілерге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде тағайындалды", - делінген хабарламада.