08 там, 2019 сағат 15:25

Қостанай облысында басталған өрт Ресей шекарасына дейін жетті

Қостанай облысы мен Ресей Федерациясының шекарасында өрт шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарабалық ауданының Талды ауылынан 10 шақырым жерде құрғақ шөп өртенген. Қызыл жалын жақын маңдағы қайың мен көктерек шоғырын шарпыған.

«Өрт Михайловка орман шаруашылығы мекемесінің аумағында басталған. 250 гектар алқапты шарпыған өртке қауіптің 5 деңгейі берілді. Өрт РФ Челябі облысының шекаралық аумағына өтіп кеткен. Бірақ халық тұратын елді мекендерге қауіп төнбеген», - делінген ТЖД баспасөз хабарламасында.

Өрт сөндіру жұмыстары 1 тамызда басталып, 7 тамызда толығымен аяқталды.