12 қыр, 2022 сағат 18:18

Қостанай облысында 96 млн теңге бюджет қаражаты ұрланды


Қостанай облысында 96 млн теңге сомасында бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

"ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті ауыл шаруашылығы саласы субъектілерінің сенімін теріс пайдалану және алдау жолымен ауыл шаруашылық тауарларының сапасы мен өнімділігін арттыру бағдарламасы аясында субсидия түрінде, соның ішінде картоп тұқымын сатып алу үшін бөлінген бюджет қаражатын бірнеше рет жымқырған азаматқа қатысты қылмыстық істі аяқтады" - делінген хабарламада.

Осы азаматтың қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 96 млн теңгені құраған.

ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.