17 қаң, 2020 сағат 15:27

Қостанай облысында 58 адам қар құрсауынан шығарылды

Қостанай облысында тәулік ішінде қар құрсауында қалып қойған 58 адамға көмек көрсетілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«16 қаңтар күні Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару бөлімі қызметкерлерінің күшімен 3 жүк көлігі және 18 жеңіл автомобиль қар құрсауынан шығарылды. Барлығы 58 адамға көмек көрсетілді. Оның ішінде 3 сәби болған», - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Уәлихан Досанов.

ТЖД өкілдері облыс тұрғындарын боран күндері барынша сақ болуға шақырады. Сондай-ақ алыс жолға шықпауға кеңес береді.

Бұған дейін Қостанай облысының екі ауданы мен бір қаласында жарық өшіп қалғанын жазған болатынбыз.