Қостанай облысында 40 адам карантинге алынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлімет еткендей, облыста коронавирус инфекциясын жұқтырғандар жоқ.
«Бүгінгі таңда облыста 40 адам ауруханаға жатқызылды. ТМД елдерінен 177 адам, 1 «Б» санатына жататын басқа елдерден келген 19 адам үй карантиніне алынды», - деді департаманттің баспасөз хатшысы Сәуле Нұрпейісова.
Өңірде пандемияға қарсы іс-шараларға тартылған дәрігерлерге 241 млн теңге қосымша төленбек. Тиісінше, ақ халаттылар кезекшілік бойынша күндіз-түні жұмыс істейді.
Жалпы инфекцияға қарсы шаралар үшін 695 төсек-орын дайындалды.