28 шіл, 2023 сағат 12:44

Қостанай облысында 13 жастағы қызды улы жылан шағып алды

CC0 / WikiImages /

Қостанай облысында ата-анасымен балық аулауға барған 13 жастағы қызды улы жылан шағып алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сайты alau.kz порталына сілтеме жасап.

Қыздың айтуынша, ол 23 шілдеде ата-анасымен Қостанай мен Челябі облыстарының шекарасына балық аулауға барған. Баланы сол жерде жылан шағып алған. Ертесіне таңертең ол ауруханаға түскен.

"Жылан оң қолының саусағынан шаққан. Салдарынан некроз пайда болып, оң қолы мен оң жақ кеудесі ісіп кеткен. Балаға жыланның уысына қарсы сарысу, гангренаға қарсы сарысу егілді, бактерияға және интоксикацияға қарсы терапия жасалды. Қыздың жағдайы ауыр, тұрақты. Ісік қайта бастады", - деді Қостанай облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Ержанов.

Дәрігерлер баланың өмірі үшін күресіп жатыр.