Қостанай қаласының әр жерінде адамдарды қуалап жүрген сиырдың видеосы әлеуметтік желілерге тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сиыр Қостанай көшелерін аралап, бірнеше адамды сүзіп құлатқан. Үй жануарын ешкім ұстай алмаған, оған тіпті полиция қызметкерлерінің де шамасы жетпеді. Сиыр болса бірнеше адамда жарақаттап үлгерген.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева сиырдан зардап шеккен үш адамның көмек сұрап телефон шалғанын айтады.
«Үш адам зардап шеккен. Екеуінің дене мүшесі сынып, біреуі ауыртып алған», - деп хабарлады баспасөз хатшысы.
Полиция әзірге бұл оқиға туралы ешқандай мәлімет бермеді.