Қостанайдағы халықаралық әуежайға Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді. Бұл туралы Үкімет қаулысында айтылған, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Қостанай" халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілсін", - делінген құжат мәтінінде.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.
Ахмет Байтұрсынұлы - қазақтың көрнекті ақыны, түркітанушы, публицист, ағартушы, аудармашы, қоғам қайраткері. XX ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, Алаш-Орда үкіметінің мүшесі.