12 шіл, 2022 сағат 14:58

Қостанай әкімінің бұрынғы орынбасарына рақымшылық жасалды

Фото: Tengrinews.kz

№2 сот Қостанай әкімінің бұрынғы орынбасары және ТКШ бөлімінің экс-бастығына қатысты қылмыстық істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2020 жылы орталық жағажай аймағындағы саябақты жөндеу бойынша конкурсқа сәйкес әкімдіктің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бұрынғы басшысы бюджет қаражатының үнемделген сомасына түзету сметасын, саябақта өндірілген шағын архитектуралық пішіндердің нарығы мен бағасына талдау жасамаған.

Тергеушілердің айтуынша, бұл абайсыздық салдарынан мемлекетке аса ірі көлемде жалпы сомасы 76 081 791 теңге залал келтіру.

"Қостанай әкімдігінің ТКШ бөлімі бұрынғы басшысы мен Қостанай әкімінің экс-орынбасары өзінің қызметтік өкілетін асыра пайдаланып (2021 жылғы сәуірде Қостанайда) "Д" ЖК-ға брусчаткаларды төсегені үшін өтелмеген қарызы туралы біле тұра, "С" ЖШС-мен жасалған шарт бойынша мердігерлерге қарызды компания қаражатымен өтеу қажет екенін айтқан.

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруда жасанды кедергі жасаудан қауіптенген кәсіпорын директорлары "Д" ЖК-ға 1,5 миллион теңге аударған", - деді Қостанай облысы сот баспасөз қызметкерлері.

2021 жылғы наурызда қаланы абаттандыру бойынша имидждік бейнематериалдарды дайындаған кезде жауапкерлер бірнеше ЖШС-дан ақша сұраған, нәтижесінде кәсіпорындар жалпы сомасы 1 миллион теңге аударған.

"Прокурор сотталушыға (әкімдіктің ТКШ бөлімі бұрынғы басшысы) ҚК-нің 371-бабы 2-бөлігі бойынша 6 ай бас бостандығын шектеуге, ҚК-нің 361-бабы 1-бөлігі бойынша 1 жыл бас бостандығын шектеуге, ҚК-нің 58-бабы 2-бөлігі негізінде қылмыстық құқық бұзушылық жиынтығы бойынша 1 жыл бас бостандығын шектеуге және өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға тыйым салынуын сұрады.

ҚК-нің 361-бабы 1-бөлігі бойынша Қостанай әкімінің бұрынғы орынбасарын 1 жыл бас бостандығын шектеп, мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салу сұралды. "ҚР Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" ҚР Заңының 2-бабы, 4-тармағы негізінде прокурор сотталушыларды бас бостандығын шектеу түріндегі негізгі жазадан босатуды сұрады", - деді облыстық сот баспасөз қызметкерлері.

Сурет: Tengrinews.kz

Үкімді тағайындау кезінде сот айыпталушылардың жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде: жас балалардың болуы, материалдық залалды өз еркімен өтеу, өкіну, қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға белсенді үлес қосуын ескерді.

"ҚР Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" Заңның 2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қылмыстық теріс қылықтар және (немесе) онша ауыр емес қылмыстар жасаған адамдар жазадан босатылады. Сотталушылардың іс-әрекеті рақымшылық актісі күшіне енетінін, оны қолдану туралы өтініш білдіргенін, олардың құқыққа қарсы іс-әрекетін "Рақымшылық жасау туралы" Заң шыққанға дейін жасағанын ескере отырып, сот оларды кінәлі деп таныды және бас бостандығын шектеу түріндегі негізгі жазаны өтеуден босатты, қосымша жаза - мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салуды қалдырды", - деді Қостанай облыстық сот баспасөз қызметкерлері.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.