Ақмола облысының Қосшы қаласында кәріз шұңқырынан алты жасар бала өлі табылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицейлер мәліметінше, 26 тамызда сағат 21.30 шамасында тәртіп сақшыларына жергілікті тұрғыннан екі сағат бұрын алты жасар ұлы аулаға ойнауға кеткені жөнінде және содан бері қайда екені белгісіз екені туралы хабарлама түскен.
"Полиция басқармасының басшылығы, жеке құрам мен жедел-тергеу тобы көрсетілген мекенжайға дереу жетті. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде бала кәріз шұңқырынан (септиктен) өлі табылды", - деді ведомство өкілдері.
Тәртіп сақшылары бұл деректі соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеген, сараптамалар тағайындалды.