03 сәу, 2022 сағат 10:38

Қосшыда мас ер адам саунада 31 жастағы әйелді соққыға жықты

Фото: Instagram / Ақмола облысы ІІД

Косшыда саунаға демалуға барған ер адам мекеме директорын соққыға жықты. Бұл туралы Ақмола облысы ПД мәлімдеді және әлеуметтік желілерде тараған кадрларға түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ақпарат бойынша, 2 сәуірде шамамен сағат 07.30-да мекеменің басқарушы директоры, Косшының 31 жастағы тұрғыны, клиенттер шотты неге төлемегенін анықтау үшін екі ер адамға барады, содан олардың біреуі әйелді ұрып жібереді, ол құлайды. Кейін төбелесе кетеді. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер Қосшының 44 жастағы тұрғыны мен 36 және 37 жастағы елордалықты анықтады.

"Қанында алкоголь бар-жоғын куәландыру кезінде 44 жастағы және 36 жастағы ер адам жеңіл және орташа дәрежеде мас екені анықталды. Олар Нұр-Сұлтан қаласының медициналық айықтырғышына қамалды. Саунадағы әйелді жаралаған күдікті 37 жастағы ер адам Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес ұсталып, Целиноград аудандық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - деп хабарлады полиция өкілдеі.

ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеу жүріп жатыр.