Фото: dknews.kz
Қаржылық мониторинг агенттігі Елдос Қоспаевтың үйлестіруімен рейдерлік әрекет жасады деген күдікке ілінген ұйымдасқан қылмыстық топтың 6 мүшесіне іздеу жарияланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, тергеуден Елдос пен Айдос Қоспаевтар, Ерлан Имашев, Руслан Шалин, Оксана Кудряшова, Алексей Кузнецовтар жасырынып жүр.
Еске сала кетейік, қылмыстық топ ұзақ уақыт бойы күш қолдану және қорқыту арқылы алматылық кәсіпкерлердің мүлкін, серіктестіктердегі үлестерін тартып алып, көлеңкелі кәсіпкерлікпен айналысқан.
"Рейдерлік шабуылдар бойынша сотқа дейінгі тергеу және ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы бар адамдарды анықтау жалғасып жатыр. Іздеудегі адамдардың қайда болуы мүмкін екендігі туралы ақпараты бар адамдарды ҚМА сенім телефонына хабарласуды сұраймыз: 8 (7172) 708-478, 8 (727) 279-29-56" - делінген хабарламада.
Ақпарат бергені үшін сыйақы қарастырылған.