11 қаң, 2023 сағат 17:35

Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақырды

Фото: egemen.kz

13 қаңтарда Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысы өтеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2023 жылғы 13 қаңтарда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын", - делінген өкім мәтінінде.

Айта кетейік, желтоқсан айының соңында Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов "Тұңғыш Президент – Елбасы туралы" Конституциялық заңның күшін жою туралы Конституциялық заң жобасы қаңтар айында Парламент Палаталарының бірлескен отырысында қаралатынын мәлімдеген еді.

11 қаңтарда жаңадан құрылған Конституциялық сот "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" заң күшін жойды деп таныды.