Майами университетінің урология институтының ғалымдары жаңа типтегі коронавирустық инфекцияны жұқтырғаннан кейін ерлер функциясының бұзылу ықтималдығы 20%-ға артатынын анықтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.
Сонымен қатар басқа ғылыми басылымдардың авторлары мұндай асқынулар санының одан да жоғары өсуін атап өткен. Ерлердің жыныс мүшелерін сканерлеу кезінде және белгілі бір сынақтарды жүргізу кезінде алынған мәліметтер COVID-19 вирусы ерлердің жыныс жолдарындағы тіндерге әсер ететінін көрсетеді.
Ал, Шанхай билігі COVID-19 деректерінің саны қаланың бірқатар аудандарында нөлге дейін азайтылды деп мәлімдеді, бірақ шектеулерді жою туралы сөз болған жоқ.
"Біз қазіргі жағдайдың тұрақсыз екенін, COVID-19 вирусының қайтадан күшею қаупі әлі де бар екенін білуіміз керек", - деді Шанхай Денсаулық сақтау комиссиясы директорының орынбасары Чжао Дандан.
Оның айтуынша, алдағы үш күн ішінде қала бойынша азық-түлік жеткізуге тек мемлекеттік курьерлерге рұқсат етіледі. Сонымен қатар, енді ауруханаға Компартияның жергілікті комитеті келісімімен ғана баруға болады.