27 нау, 2020 сағат 12:28

Коронавирустан көз жұмған әйел 14 наурызда құдалықта болған

Коронавирустан қайтыс болған әйелдің нақты қай уақытта құдалықта болғаны анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Коронавирустан қайтыс болған әйел 14 наурыз күні құдалықта болған. Құдалық Алматыда өткен», - деді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел. 

Айта кетейік, бұған дейін коронавирустан қайтыс болған адаммен қарым-қатынаста болған екі адам Алматы облысында оқшауланғанын хабарлаған болатынбыз. 

«Коронавирустан қайтыс болған адаммен қарым-қатынаста болған екі адам Алматы облысында оқшауланды. Олар қазір ауруханада жатыр. Енді осы екі адаммен қарым-қатынаста болған тағы бес адам анықталды. Олар да дәрігерлердің бқылауында. Барлығының анализдері толық алынған. Нәтижесін күтудеміз, дайын болғанда қосымша ақпарат береміз», - Алматы обльыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова.

Естеріңізге салсақ, 26 наурыз күні елімізде әйел адам коронавирус дертінен көз жұмды. Ол Ақмола облысы Қосшы ауылының 64 жастағы тұрғыны. Мәлім болғандай, ол шетелге шықпаған және ЖРВИ, коронавирус дертіне шалдыққандармен байланыста болмаған. 13-17 наурыз аралығында Алматыда және Шуда қонақта болған.