Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны неліктен артып бара жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Науқастардың санының өсіп бара жатқан себебі – әлеуметтік, еңбек қатынастары бойынша, отбасылық байланыстың, қарым-қатынастың артуында жатыр. Себебі жұқтыру жағдайларының сипаты ұқсас: не еңбек ұжымдарында, не отбасының өз ішінен шығуда. Өкінішке қарай, адын алу шараларын сақтамаудың салдарын көріп отырмыз. Адамдар маска тақпайды, әлеуметтік қашықтықты сақтамайды. Сонымен бірге, өз жұмысын бастап кеткен нысандарда санитарлық-дезинфекциялық режим лайықты дәрежеде сақталмайды», - деді Ләззат Ақтаева Денсаулық сақтау министрлігінің «Министрлік хабарлайды» айдары бойынша Facebook-тен сөйлеген сөзінде.
Вице-министрдің айтуынша, қазіргі таңда стационарларда коронавирус жұқтырған 5 795 пациент бар. Оның 119-ы жан сақтау бөлімінде жатыр.