05 нау, 2020 сағат 09:12

Коронавирус: Құзырлы орган кезекті фейк-ақпаратты теріске шығарды

Ақмола облысында 14 адам коронавирус жұқтырды деген ақпарат жалған болып шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«WhatsApp-та Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерге коронавирус жұқтыру күдігімен 14 адам жатқызылғаны туралы ақпарат тараған болатын. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды», - делінген өңірлік Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Facebook-парақшасында.

Ведомство қызметкерлері азаматтарға расталмаған ақпаратты таратпауға шақырады. Өйткені,жалған ақпарат үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

«Жалған ақпараттың авторы анықталып, жазаға тартылады. Коронавирус инфекциясына қатысты сұрақтар туындаған жағдайда ресми ақпарат көздері – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі немесе 1406 арқылы респбликалық call-орталыққа хабарласуға болады», - деп толықтырды ведомстводан.