12 нау, 2020 сағат 16:31

Коронавирус белгілері байқалса, бірден жедел жәрдем шақыру керек - Ержан Бабақұмаров

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қала тұрғындарына коронавирус инфекциясының белгілері байқалған жағдайда емханаға бармау жөнінде кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ержан Бабақұмаровтың айтуынша, коронавирус белгілері анықталған жағдайда емханаға бармай, бірден жедел жәрдем шақыру керек. Өйткені вирус одан әрмен тарауы мүмкін.

«Маңызды бір кеңес - егер сізден коронавирус симптомдары байқалса, медициналық мекемеге бармағаныңыз абзал. Себебі вирус одан әрі таралуы мүмкін. Хабарлассаңыз инфекциялық боксқа тасымалдау мәселесі шешіледі», – деді Е. Бабақұмаров.

Сонымен қатар, ол үйінде карантинде жатудан бас тартқандар үшін жаза енгізілуі мүмкін екенін жеткізді.

«Біз мәслихаттан карантинде болуы тиіс, бірақ оқшауланудан бас тартқан адамдарға жаза қолдануды сұраймыз», - деді қала әкмінің орынбасары.