25 сәу, 2022 сағат 14:35

Қорғаныс министрлігі маңғыстаулық сарбаздың өліміне қатысты пікір білдірді


Қорғаныс министрлігі өкілдері маңғыстаулық сарбаздың өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Өкінішке қарай, 22 сәуірде Гвардейск қалашығында орналасқан әскери госпитальде әскер қатарына жаңадан шақырылған қатардағы жауынгер Әлібек Қалбай қайтыс болды. Жеке құрамның сапқа тұруы кезінде өзін нашар сезініп, есінен танып қалған. Медицина қызметкерлерінің жасаған амалдарына қарамастан, жас сарбаздың өміріне араша түсу мүмкін болмады. Ең бастысы, біз ұлдарын келмеске жоғалтқан туған-туысқандары мен жақындарының, соның ішінде, ата-анасын түсінеміз және қайғыра көңіл айтамыз. Сонымен қатар, қатардағы жауынгер Қалбаев қаза болуына себепкер болған мән-жағдайларды қоғам білуі қажет", - деді Қарулы Күштер бас штабы бастығының орынбасары - Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы генерал-майор Серік Борамбаев. 

Оның сөзінше, арнайы құрылған жедел тергеу тобымен қылмыстық істің аумағында орын алған барлық болжамды жағдай толығымен қарастырылады. Қажет сараптама алынды. 

"Оқиға орнын қарау барысында құқық қорғау органдарының ресми қорытындылары бойынша, сондай-ақ мәйітке сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Қаза болғанға дейін жарақаттар мен денесінде көгеру белгілері анықталмағанын айта кеткен жөн. Қазіргі уақытта да тері қабаттарының өзгерісі сот-медициналық сараптаманы жүргізумен және қаза болудың биологиялық процесімен байланысты.

Сеніңіздер, тергеудің объектив жүргізілуіне, біз де мүдделіміз. Себебі барлық сатыдағы командирлер өзінің қоластындағы әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығына ата-аналар мен мемлекет алдында тек заң жүзінде ғана емес, сонымен қатар моральді тұрғыда жауапты", - дейді Борамбаев.  

Борамбаев Қорғаныс министрлігінің басшылығы ештеңені жасырып қалмайтынын атап өтті. Сарбаздың ата-анасы мен жақындары оқиғадан кейін дереу әскери бөлімге барып, ұлдары қызмет атқарған бөлімшедегі тұрмыстық жағдаймен танысып, жағдайды өз көздерімен көріп қайтқан.

"Келесі жағдайларға назар аударғым келеді. Біріншіден, Әлібек Қалбай құрлық әскерлерінің оқу орталығы болып есептелетін әскери бөлімге қызмет атқаруға келген. Ол жердегі сарбаздар әскери мамандықты игеріп, әскери шеберлік бойынша білім алып, алты ай өткеннен кейін Қарулы Күштердің басқа құрылымдарына бөлініп кетеді. Оқу орталығындағы қызмет бір шақырылымдағы сарбаз ұстанымы бойынша құрылған. Яғни біз шақырған сарбаздарды оқытып, әскерге жібермей, басқа сарбаздарды әскерге шақырмайды. Екіншіден, Қорғаныс министрі қаза болған сарбаздың мәйітін ата-анасының тұрғылықты жері - Маңғыстау облысына командирлер жеткізсін деген шешім қабылдады. Олар: оқу орталығының бастығы, әскери мектептің бастығы, рота және взвод командирлері. Үшіншіден, әскери қызметшінің қаза болуы ісін тергеуді Ішкі істер министрлігінің әскери тергеу органдары жүргізіп жатыр. Олар өз қызметтері бойынша тәуелсіз және Қорғаныс министрлігіне есеп бермейді. Бұл «тексерістің әділ және неғұрлым объективті» жүргізлуі үшін жасалған. Төртіншіден, бұл жағдайды тексеріп, егер анықталса кінәлілерді тауып және оларды жауапкершілікке тарту біз үшін абырой болар еді. Егер қандай да бір заңға қайшы әрекеттер расталатын болса, онда кінәлі адамдар ғана емес, сонымен қатар осы жағдайға жол берген командирлер де жауапкершілікке тартылатынын атап өткім келеді", - деді Серік Борамбаев. 

Министрлік өкілі тексерістің барысы туралы толық ақпарат беріп отыратынын жеткізді.