Қорғаныс министрлігі биыл Жеңіс күні неліктен әскери шеру болмайтынын түсіндірді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қазақстанда әскери шеру өткізу 2022 жылы бюджет қаражатын үнемдеу есебінен, сондай-ақ басқа да міндеттерді шешу қажеттілігіне байланысты жоспарланбайды. Атап айтқанда, Қазақстан Қарулы Күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығының талап етілетін деңгейін қолдау, мемлекеттік және әскери объектілерді күзету мен қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі міндет маңызды болып табылады», - деп жауап берді Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін Қорғаныс министрлігі 2022 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған әскери парадтың өтпейтінін хабарлаған еді.